ТЖМ құтқарушылары ШҚО-да төрт адамды эвакуациялады
08.03.2025 15:14
Фото:
видеодан кадр
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында Құйған ауылынан 5 шақырым жерде екі жеңіл көлік қар құрсауында қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушылар жедел түрде жол талғамайтын "Трэкол" көлігімен жетіп, Бұқтырма су қоймасының жағалауынан Күршім ауылына 4 адамды эвакуациялады.
Медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ.
ТЖМ азаматтарға қолайсыз ауа райы кезінде жолға шықпауды ескертті.

