ТЖМ құтқарушылары ШҚО-да селге қарсы оқу-жаттығу өткізді
27.05.2025 19:42
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Сел қаупі жоғары кезеңде дайындықты күшейту мақсатында Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары Катонқарағай ауданы Сарымсақты шатқалында оқу-жаттығу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жоспар бойынша қатты нөсер салдарынан мореналық көл бұзылып, сел тасқыны пайда болды. Оның салдарынан туристік шатыр, бірнеше тұрғын үй және автожолдың бір бөлігі су астында қалған. Төтенше жағдай аумағында кеңейтілген жедел штаб құрылып, басқару жұмыстары жүргізілді.
Іздеу-құтқару тобы, құрамында кинологиялық есептобымен, үйінді астынан жарақат алған жасанды туристі анықтады. Құтқарушылар аяғы сынған азаматты таулы аумақтан жол талғамайтын көлікпен эвакуациялап, алғашқы медициналық көмек көрсетті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

