ТЖМ құтқарушылары Рудный тұрғынына көмек көрсетті
03.01.2025 22:18
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Бүгін Рудный қаласында 37 жастағы тұрғын сақинасын шеше алмай ТЖМ құтқарушыларының көмегіне жүгінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Восточная көшесінде орналасқан үйлердің бірінде 1987 жылы туған әйел саусағындағы сақинаны өздігінен шеше алмай, 112 жедел қызметінен көмек сұраған.
Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері сақинаны жіп пен сұйық сабынның көмегімен қауіпсіз түрде алып тастады. Әйелге медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ бұл ретте төтенше жағдай туындаса, 112 нөміріне хабарласуды қаперге салады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

