ТЖМ құтқарушылары қылқан жапырақты ағаштардың 150 көшетін отырғызды
04.05.2025 18:04
Фото:
Видеодан кадр
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өткізілген іс-шараға Ақмола облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері ғана емес, олардың отбасылары да қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұндай іс-шаралар құтқарушылар үшін дәстүрге айналды. Бұл жолы 150 қарағай көшеті отырғызылды. Құтқарушылар Щучинск қаласының 6-МӨСБ және 7-МӨСБ аумақтарына ағаш отырғызды.
Құтқарушылар бұл акциялар туған өлкенің экологиясына тиімді инвестиция болып табылатынына, сондықтан тұрақты негізде жүргізілетініне сенімді.

