Алтынсарин ауданында Лихачевка ауылынан 10 км. қашықтықта ашық аумақта құрғақ шөп жанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Желдің екпіні 25 м/с дейін күшейгендіктен, Лермонтов орманшылығының орман учаскелеріне өрттің таралу қаупі туындады.
Өрт сөндіру жұмыстарын ТЖМ және орман шаруашылығының қызметкерлері жүргізді. Сондай-ақ, ҚР ҰҚК авиациялық қызметінің су төгу құрылғысы бар тікұшақ тартылды. Авиация 4 рет жалпы көлемі 8 тоннадан астам су төкті.
Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 10 мың гектар алаңдағы өрттің таралуына жол берілмеді.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

