ТЖМ құтқарушылары Қарағанды облысында қатып қалған киікті аман алып қалды
10.02.2025 02:31
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Қарағанды облысында ТЖМ құтқарушылары киікті аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай ауданына қарасты Топар кентінен 4 км қашықтықта «Тихий залив» демалыс аймағында ТЖМ құтқарушылары қорғалатын аумаққа кіріп, қалың қарға батып, өздігінен қозғала алмай қалған киікке көмек көрсетті. Оны байқаған демалыс аймағының келушілері 112 қызметіне қоңырау шалған.
Жануар қорқып қалған, бірақ құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында қар құрсауынан шығарылып, қауіпсіз жерге жеткізілді, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

