ТЖМ құтқарушылары Іле Алатауы тауларында ер адамды іздестірді
10.02.2024 22:08
Фото:
ТЖМ
10 ақпанда сағат 17:31-де Үш ағайынды шыңы (2680 м) маңайында ер адам аяғының гипотермиясына байланысты қалаға өздігінен түсе алмайтындығы туралы хабарлама келіп түсті. Туристтің өзі "112" нөміріне қоңырау шалған, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
6 адамнан тұратын Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы туристті іздеуге шықты.
Сағат 18:30-да ТЖМ құтқарушылар тобы мен Алматы қаласының құтқару қызметі туристті жедел машина орналасқан шлагбаумға дейін көтеріп түсірді. 24 жастағы Ресей азаматы медициналық көмектен бас тартты.
Құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарының естеріне салады: маршруттың басым бөлігі күн жарықта жасалуы керек және дұрыс киім мен жабдықтар болуы керек.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

