ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ құтқарушылары Екібастұз балаға көмек көрсетті

04.05.2025 21:44

ТЖМ құтқарушылары балаға көмекке келіп, басын темірге қысылған жерінен босатып алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кеше Екібастұз қаласында баланың қолы су тазалайтын аппаратта қыстырылып қалды. Қолын өз бетінше шығара алмай жатқан баланы көрген адамдар, көмек сұрап 112-ге хабарласқан.

Оқиға орнына келген құтқарушылар болгарканы пайдаланып, аппараттың есігін кесіп, баланың қысылған қолын шығарды.

Құтқарушылардың кәсібилігінің арқасында балаға дер кезінде көмек көрсетілді.