ТЖМ құтқарушылары 60 шетелдік азаматты эвакуациялады
08.06.2025 13:17
Фото:
Видеодан кадр
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы аумағында республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды – Алматы тас жолының 575-шақырымында, Гүлшат ауылынан 14 шақырым қашықтықта жолаушылар автобусы бұзылып қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жедел жетіп, ақаулы көлікте қалған 60 жолаушыны, оның ішінде 15 баланы, жақын маңдағы жол бойындағы жылы кафеге эвакуациялады.
Эвакуацияланған азаматтардың барлығы — Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасының азаматтары. Абырой болғанда, олардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жолда жүрген азаматтарға ауа райы мен техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

