Жаңалықтар

ТЖМ Қарағандыдағы газ жарылысы туралы ақпаратты жоққа шығарды

Оқиға орнынан газ құбырлары табылған жоқ
ТЖМ Қарағандыдағы газ жарылысы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 11.01.2023 01:20 848

Қарағандыда орын алған төтенше жағдай кезінде газ жарылмаған, деп хабарлайды El.kz  облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Газ жарылысы расталмады. Оқиға орнында газ құрылғылары табылмады. Ешқандай қираулар немесе құрылымдық бұзылулар жоқ. Жылу жүйелері бұзылмаған. Өрттің шығу себебі анықталуда. Тұрғындарды жылыту үшін ТЖД 3 вахтовкасы жұмылдырылды. Эвакуацияланған тұрғындар туыстарына және қаладағы қонақүйлерге орналастырылады. Оқиға орнында психологтар жұмыс істеуде, - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

10 қаңтар күні сағат 21:29-да Қарағанды қаласында Республика даңғылы, 18/2 бойында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. 16 қабатты бір кіреберісті 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-ші қабатындағы пәтерде жалпы алаңы 30 шаршы метр аумақта өрт шықты. 1979 жылы туған ер адам жанып жатқан пәтерден құлап, медициналық мекемеге жатқызылды. Барлау кезінде үш адамның (екі ер адам мен бір әйел адам болуы мүмкін) мәйіті табылды. ТЖД күштерімен 48 адам (оның ішінде 9 бала) кіреберістегі пәтерлерден құтқару қалпақтарының көмегімен шығарылды және 82 адам (оның ішінде 21 бала) эвакуацияланды. Сағат 22:55-те өрт оқшауланды. Оқиға орнына ТЖМ 88 адамы мен 23 бірлік техникасы жұмылдырылды.

ТЖМ Қарағандыдағы газ жарылысы туралы ақпаратты жоққа шығарды

Тұрғындарды пәтерге қайтару мәселесі шешілуде.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға