Жаңалықтар

ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы сотталды

ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы сотталды
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 04.11.2024 18:05 402

Антикор ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы сотталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше, Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Н. Дербисов пен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы М. Жақсыбаев 5 жылға, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Б. Ізбасаров 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олар бизнес өкілінен кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасағаны үшін жалпы сомасы 39,7 млн теңге сомасында пара алған. Сондай-ақ Б.Ізбасаров 1,7 млн теңге сомасында өзіне қосымша ақшаны заңсыз есептеп билікті асыра пайдаланғаны үшін сотталды, - делінген мәліметте.

Сондай-ақ аталған адамдар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға