ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ өрт сөндірушілері қоймадан шыққан жалынға тосқауыл қойды

Бүгін Астана қаласының Байқоңыр ауданында, Ш. Жиенқұлова көшесінде орналасқан бір қабатты қоймада құрылыс материалдары өртенді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Өрт ғимараттың шатырына ішінара таралған. Жедел жеткен өрт сөндірушілердің әрекеті нәтижесінде тілсіз жаудың таралуына жол берілмей, өрт шағын аумақта ауыздықталды.

Қайғылы жағдай тіркелген жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

Бұған дейін Астанада өрт кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен азамат марапатталған болатын