Жаңалықтар

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды
Фото: © Pixabay.com 12.07.2024 04:24 611

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ведомство бірінші кезекті ас үйде пісіп жатқан тамақты қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар плита жанында орамал, қағаз және басқа да тез тұтанатын заттарды ұстамау қажет. Бұдан өзге электр кабельдерін плитадан алыс орнату керектігін естен шығармаңыздар. 

Сіздің қырағылығыңыз өз қауіпсіздігіңіз екенін есте сақтаңыздар. Өрт кезінде “112” нөмірі бойынша хабарлаңыздар,-делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға