Жаңалықтар

ТЖМ ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды

ТЖМ ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды
Фото: ҚР ТЖМ 09.07.2024 21:13 611

Төтенше жағдай министрлігі Экология және табиғи ресурстар, Ішкі істер министрліктерімен бірлесіп 8-14 шілде аралығында «ОРМАН» профилактикалық іс-шарасын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, бұл жұмысқа жергілікті атқарушы органдар, еріктілер мен қоғам өкілдері тартылады.

«Орман» іс-шарасы аясында туристік базалардың, демалыс үйлерінің, пансионаттардың, сауықтыру лагерьлерінің, балалардың жазғы демалыс орындарының иелерімен және қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру, ұсынымдар беру бойынша кездесулер өткізілетін болады.

Бұдан басқа, орманды дала алқаптарында ТЖМ бөлімшелерінің қызметкерлері, полиция, орман шаруашылығы инспекциясы, өңірлік «Атамекен» ҰКП және еріктілер қатарынан бірлескен мобильді топтардың рейдтері жалғастырылуда, - делінген мәліметте.

ТЖМ өрттен өте сақ болуға және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады:

- орманда, қалың бұталарда, егінің жанында от жағуға болмайды;

- құрғақ шөпті өртемеңіз;

- сөндірілмеген темекіні, сіріңкені, шыны заттарды, өздігінен жанатын материалдарды тастамаңыз;

- орманда пиротехникалық бұйымдарды пайдаланбаңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға