ТЖМ мамандары 3500 метр биіктікте адам өмірін құтқарды
09.02.2025 01:30
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Іле Алатауы тауының Богданович мұздығының маңындағы тау үңгірінің жанында адам жарақат алғаннан кейін ТЖМ құтққарушылары оқиға орнына аттанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ «РЖҚЖ» жедел тобының шықты. Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3500 метр биіктікте зардап шеккен адамды бірден тапты Оның сол аяғы сынғаны анықталды.
Оқиға орнында құтқарушылар қажетті медициналық көмек көрсетті. ТЖМ РЖҚЖ мен Алматы қ. құтқару қызметі құтқарушыларының бірлескен күш-жігерімен зардап шегушіні «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына дейін тасымалдады. Оған медициналық көмек көрсету үшін ТЖМ АМО қызметкерлеріне берілді, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Қазақстанның ТЖМ таулы жерлерде жүру кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігін еске салады. Сондай-ақ, туристерге ауа райы жағдайларын ескеру, керек-жарақтарды дұрыс таңдау және құтқару қызметтерін көтерілу бағыты туралы алдын ала хабардар ету ұсынылады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

