Жаңалықтар

ТЖМ-ге жаңа 11 әуе кемесі сатып алынады

ТЖМ-ге жаңа 11 әуе кемесі сатып алынады
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 13.08.2024 23:07 513

Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына түзетулер енгізілді. Тиісті қаулыға Үкімет басшысы Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды primeminister.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл қаңтар айында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесінің материалды-техникалық базасын нығайту шараларын қабылдауды тапсырған болатын.

Президент тапсырмаларын іске асыру шеңберінде азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына заманауи авиациялық техника сатып алуға қатысты түзетулер енгізілді. 

Қаржы лизингі тетігін пайдалану арқылы ТЖМ материалды-техникалық базасын жабдықтау үшін 11 әуе кемесін сатып алу жоспарланып отыр. 24,8 млрд теңге мөлшеріндегі қажетті сома республикалық бюджеттен 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен бөлінетін болады. Мәселені республикалық бюджет комиссиясы тұжырымдамалық түрде қолдады.

ТЖМ материалдық-техникалық базасын нығайту авиациялық техникамен қамту аймақтарын кеңейтуге мүмкіндік береді. Әуе кемелері жету қиын жерлерде орын алған төтенше жағдайлар аймақтарынан эвакуациялау және құтқару бөлімшелерінің жедел әрекет етуін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ су тасқыны және өрт қаупі басым кезеңдерде мониторингтің тиімділігін арттыру мақсатында қолданылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға