Жаңалықтар

ТЖМ ескертеді, жұқа мұз қауіпті

ТЖМ ескертеді, жұқа мұз қауіпті
Фото: gov.kz 29.11.2023 01:29 574

2023 жылғы 27 қарашада Астана қаласында Ақбұлақ өзенінің рұқсат етілмеген жерінде қатпаған мұздың үстіне шыққан 2006 жылы туған жеткіншек мұз астына кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оны оқиға куәгері құтқарды.  Ол ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ ескертеді! Су айдындардағы мұз адамның салмағын көтере алатындай, әлі қатқан жоқ. Бір жаяу жүргіншінің өтуі үшін қауіпсіз мұздың-қалыңдығы кемінде 10 см болуы тиіс.

Балаларға ерекше назар аударған жөн! Оларға қысқы су айдындарының қауіптілігін түсіндіріңіздер.

Мұздағы жүріс-тұрыс ережелерін еске саламыз:

- мұзға шықпас бұрын оның беріктігіне көз жеткізіңіз. Ешқашан мұздың беріктігін аяқтың соққыларымен тексермеңіз;

- мұз әлсіздігінің белгілері: мұздың бетінде жарықтар пайда болғанда,  судың мұз бетіне шығуы орын алған жағдайда үрейленбеңіз, шапшаң қимыл-қозғалыс жасамаңыз, аяғыңызды кең жайып дереу жағаға оралыңыз немесе жорғалаңыз;

- көрінуі нашарлаған жағдайда: тұман, қар, сондай-ақ түнде мұз үстіне шықпаңыз;

- жабдықталған өткелдерден басқа жерде көлік құралдарымен мұз үстіне шығуға тыйым салынады.

Өткен күзгі-қысқы кезеңде еліміздің су айдындарында көлікпен мұз үстіне шығуға тырысқан кезде 12 адам мұз астына түсіп, оның 3-еуі қайтыс болды.  

Күзгі-қысқы кезеңде су айдындарында адамдардың қайтыс болуына жол бермеу мақсатында ТЖМ қызметкерлері 400-ден астам профилактикалық қауіпсіздік акциясын өткізді, 1800-ден астам «Абайлаңыз, жұқа мұз» ескерту белгісін орнатты.

Оқиға болған жағдайда дереу «112» телефоны бойынша көмекке жүгіну қажет. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға