Жаңалықтар

ТЖМ: Екі күнде 14 адам газдан уланып қалған

Өкінішке қарай, олардың үшеуі көз жұмды
ТЖМ: Екі күнде 14 адам газдан уланып қалған
Фото: kazpravda.kz 20.12.2022 01:35 1171

2 күн ішінде республика бойынша 14 адам улы газдан улану салдарынан ауруханаға жатқызылып, 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жылыту пешін орнату және пайдалану ережелерін бұзу халық арасында улы газдан уланудың кең таралған себебі болып отыр.

Осылайша, республика бойынша 14 адам ауырлығы әртүрлі дәрежедегі улы газдан улану себебінен ауруханаға жатқызылып, 3 адам қайтыс болды.

Мәселен, Абай облысындағы Семей қаласында пешпен жылытылатын 2 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатында қатты отынмен жылытылатын пешті пайдалану ережелерін бұзғандықтан, түтін мұржасының тартылуының болмауына байланысты улы газдан уланып 3 адам ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ Астана қаласында пешпен жылытудың ақаулығына байланысты 2 қабатты жеке тұрғын үйде орташа ауырлықтағы улы газдан уланып, алты адам ауруханаға түскен.

ТЖМ халыққа жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жоюды ұсынады. Пештердегі жарықтарды жою, мұржаларды 3 айда кемінде 1 рет тазалау, аязда пештерді қатты қыздырмау, от жағу үшін ұзындығы от жағу өлшемінен аспайтын отынды пайдалану қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға