ТЖМ биік ғимаратта өртті сөндіру бойынша оқу-жаттығу өткізді
Қазақстан ТЖМ авиацияны қолдана отырып, биік ғимаратта өртті сөндіру бойынша бірегей оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Астанада ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің басшылығымен тікұшақтар мен жерүсті күштерін пайдалана отырып, көп қабатты тұрғын үй кешенінде өртті сөндіру бойынша бірегей өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.
Жаттығулар әуе және құрлық күштерінің өзара әрекеттесуінің жоғары тиімділігін ғана емес, сонымен қатар биік ғимараттардағы өртті сөндіру кезінде уақтылы үйлестірудің маңыздылығын көрсетті. Бұл әсіресе қазіргі заманғы қалалық жағдайларға қатысты, мұнда қол жетімділігі мен жоғары қабаты құтқарушылар үшін қосымша қиындықтар туғызады, - деп ҚР ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов атап өтті.