Жаңалықтар

ТЖМ басшысы Атырау облысында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашты

ТЖМ басшысы Атырау облысында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашты
Фото: ТЖМ 24.11.2024 20:46 121

24 қарашада Атырау облысы Қызылқоға ауданының Миялы ауылында №10 жаңа өрт сөндіру бөлімінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов және өңірлік ТЖ департаментінің бастығы Нұрлан Жаңабаев қатысты.

Жаңа өрт сөндіру бөлімінің ашылуы өңір үшін маңызды оқиға. Ол қауіпсіздік жүйесін жақсартуға елеулі үлес қосатын болады. Ведомство басшысы жаңа нысанды салу мен жарақтандыру Қазақстан Президентінің қолдауымен және министрлік жүргізіп жатқан жүйелі реформалардың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

Құтқарушылар күні қарсаңында елордада салынған жаңа бірегей депоға президент келді. Сол кезде мен Мемлекет басшысына ауылдық жерлерде өрт сөндірушілердің де осындай жағдайлары болатынына уәде бердім. Сондықтан бүгінде министрлік ауылдарға басымдық береді. Қазір біздің ауылдық өрт сөндіру бөлімдері ең заманауи техникамен жарақтандырылуда.  Сонымен қатар қызметкерлердің әлеуметтік және тұрмыстық жағдайлары жақсартылуда. Обьектілерді жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Биыл Атырау гарнизоны төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік беретін жаңа техника алды. Бұл өрт сөндіру депосы ауыл тұрғындары үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етудің үлгісі болатынына сенімдімін. Министрлік ауылға ерекше назар аударады", - деді министр.

Шыңғыс Әрінов облыс әкімі Серік Шәпкеновке өңірдің құтқару қызметтерінің инфрақұрылымын дамытудағы белсенді жұмысы үшін де алғысын білдірді, ал әкім өз кезегінде өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға өз кәсібіне адалдығы мен төтенше жағдайлар кезіндегі жеделдігі үшін алғысын білдірді.

Жергілікті бюджет есебінен салынған №10 жаңа өрт сөндіру бөлімі тиімді жұмыс істеу үшін қажетті барлық заттармен жабдықталған: бес бірлік заманауи өрт сөндіру және құтқару техникасы, ангар, байланыс пункті, психологиялық жеңілдеу және демалуға арналған бөлмелер, сондай-ақ жедел ден қоюға арналған екі шығу. Бөлімде жаңа формамен қамтамасыз етілген 58 қызметкер жұмыс істейді.

Өңірде 14 өрт сөндіру бөлімі қызмет көрсетуде. Жаңа бөлімнің ашылуы Қазақстандағы қауіпсіздік жүйесін жетілдіру және азаматтарды төтенше жағдайлардан қорғауды нығайту бойынша тұрақты жұмыстың жарқын үлгісі болды.

Бұл өрт сөндіру бөлімін ашу ауыл тұрғындары үшін де, жалпы аймақ экономикасы үшін де қауіпсіздік деңгейін арттырудағы маңызды қадам болып табылады. Жаңа бөлім қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сенімді тірек болатынына сенімдіміз", - деп Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов атап өтті.

Сонымен қатар ТЖ-ға ден қоюға дайындықты жақсарту аясында жыл басынан бері Атырау облысы ТЖ департаментінің автопаркі 56 заманауи автокөлікпен толықтырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға