ТЖМ балықшыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
10.11.2024 10:38
Фото:
ҚР ТЖМ / Видеодан алынған кадр
ТЖМ азаматтардан балық аулауға барғанда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, балықшылар синоптиктердің болжамдарын ескермей жатады, дауылды ауа райында балық аулауға барады, тексерілмеген, ақаулы жүзу құралдарын пайдаланады.
ШҚО ТЖД мамандары балық аулауды ұнататындарға, су айдынына барар алдында ауа райы болжамымен алдын ала танысып, маусым бойынша киініп, ұялы телефон теңгерімін толтыру, сондай-ақ батарея қуатын тексеру қажет екенін еске салады.
Әрбір балықшыға құтқару кеудешесін киюді және ұзындығы 12-15 метр бау түріндегі құтқару құралының болуы ұсынылады, оның бір ұшында салмағы 400-500 грамм жүк бекітілуі тиіс, ал екінші ұшында ілмек дайындалуы тиіс, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

