Жаңалықтар

ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындалуға шақырады

ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындалуға шақырады
Фото: ҚР ТЖМ 02.02.2024 00:17 609

Су тасқыны кезеңінен апатсыз өту мақсатында ел өңірлерінде «Су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы» басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қарды тазарту және шығару, арық-дренаждық жүйелер мен су өткізу құрылыстарын тазарту бойынша іс-шаралар жүргізеді, сондай-ақ елді мекендер бойынша рейдтер, су тасқыны кезіндегі іс-қимыл ережелерімен танысу бойынша халықпен жиындар жүзеге асырылады.

ТЖМ азаматтардан айлыққа белсенді қатысуды сұрайды.

Су тасқыны қаупін болдырмау мақсатында аулалардан қар шығаруды ұйымдастыру, сондай-ақ арық және дренаж жүйелерін қоқысқа тастамау қажет, - делінген мәліметте.

Су тасқыны кезеңіне дайындық үшін бағдарламалық құжаттар шеңберінде су тасқынына қарсы қауіпті елді мекендер мен тұрғын үйлерді қорғауды қамтитын 800-ден астам су тасқынына қарсы іс-шаралар аяқталды.

Өзен арналарының учаскелерін жағалауды нығайту, түзету, түбін тереңдету және тазарту, елді мекендердің айналасына үйіп тастау, қорғаныс бөгеттерін салу, автомобиль және темір жолдардың астындағы су өткізгіш каналдар мен құрылыстарды тазарту, қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Гидротехникалық құрылыстарды, нөсерлі кәріз жүйелерін, арық-дренаж жүйелерін салу және жөндеу, жергілікті хабарлау жүйелерін орнату және автожол учаскелеріндегі көпірлерді реконструкциялау жүзеге асырылады, - деп қосты министрліктегілер.

Қазгидрометтің алдын ала болжамына сәйкес, еліміздің көптеген өңірлерінде ақпан айында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2°С жоғары болады деп болжануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға