Жаңалықтар

ТЖМ аяз бен дауыл кезінде не істеу керектігін айтты

ТЖМ аяз бен дауыл кезінде не істеу керектігін айтты
Фото: Фото: © El.kz 18.02.2024 14:27 788

Төтенше жағдайлар министрлігі аяз бен боран, дауыл кезінде тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік ұсынған мәліметке сүйенсек, дауылды ескертулер жариялаған кезде әсіресе қараңғы түскен уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар. Сондай-ақ ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылау қажет.

Қатты жел кезінде жақын маңдағы ғимаратта немесе қауіпсіз жерде жасырыну керек. Ағаштардан, ілулі тұрған конструкциялардан, электр желілерінен және билбордтардан аулақ болыңыздар. Сонымен қатар бастысы, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

Қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты біз жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға немесе электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге кеңес береміз делінген ТЖМ мәліметінде.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға