Жаңалықтар

ТЖД Алматы тұрғындарына ескерту жариялады

Алматыда ауа температурасы 12-14 градусқа дейін күрт төмендейді
ТЖД Алматы тұрғындарына ескерту жариялады
Фото: pixabay 26.11.2022 16:55 1092

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті жолдарда абай болуға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

27 қарашада Алматы қаласында жолдарда көктайғақ болады, ауа температурасы 12-14 градусқа дейін күрт төмендейді. 

Ауа райы суытқан кезінде электр құрылғыларын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты техногендік сипаттағы өрттердің пайда болу мүмкін.
Осы кезеңде гипотермия мен аяз кезінде далада қалып қалған адам денесінің үсіп қалу қаупі жағдайлары болып, сонымен қатар өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін елемеуге байланысты, яғни желілердің шамадан тыс жүктелуі, үйдегі жылыту, газ құрылғыларын пайдалану және көмір отынымен жылытылатын пештерді пайдалану ережелерін сақталмауынан, оқыс оқиғалар тіркеледі.

Гипотермия және адам денесінің үсіп қалу жағдайларын болдырмау мақсатында:
- суық ауа райы кезінде алыс іссапарға және көшеге қажетсіз шықпаңыз. Бұл әсіресе кішкентай балалар мен қарт адамдарға қатысты. Елді мекендердегі алыс орманда шаңғы және басқа да серуендерді кейінге қалдыру қажет ;
- автокөлікпен алыс қашықтыққа сапарлардан бас тарту;
- сыртқа шықпас бұрын гардеробты мұқият таңдаңыз: ауа-райына сәйкес киіну, тар киім мен аяқ киім, биік өкшелі аяқ киім кимеу, өйткені бұл қан айналымын азайтуға және тез қатуға ықпал етеді;
- аязда өз бойыңыздағы мынадай белгілерінде - қалтырау, сезімталдықтың жоғалуы, терінің бозаруы, ұйқышылдық, шаншу сезімі болса, ең жақын жылы үй жайға кіріп. Денеңіздің иұздап қалған жерлерді жылы қолмен қызарғанша жылытыңыз, жеңіл массаж жасаңыз, жүн матамен сүртіңіз, дем алыңыз, содан кейін мақта дәкесін (немесе қолыңыздағы кез келген басқа) таңғышты жағыңыз;
- аязда денеңіздің үсіген белгілері болған кезде (таңғышты қолданғаннан кейін) медициналық көмекке жүгінуді ұмытпаңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға