Жаңалықтар

ҚТЖ қызметкерлерінің жалақысы 41 пайызға көбейеді

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті
ҚТЖ қызметкерлерінің жалақысы 41 пайызға көбейеді
Фото: ашық дереккөз 05.07.2022 16:51 2527

«ҚТЖ» ҰК» АҚ 2022 жылғы 1 шілдеден бастап еңбек ақы төлеуде тарихи қалыптасқан «учаскелік» өңірлік коэффициенттен облыстық коэффициентке кезең-кезеңімен көшуді бастайды, деп хабарлайды El.kz

Бүкіл өндірістік персонал үшін маңызды шешім биылғы шығындар мен қаржы саласына түскен айтарлықтай жүктемеге қарамастан қабылданды. Жаңа коэффиентке көшу арасына 6 ай сала отырып, 4 кезеңде жүзеге асырылады және 2024 жылы 1 қаңтардан асырмай аяқталады.

Мәселен бір облыстағы қолданыстағы төрт «учаскелік» коэффициенттің ішінен ең үлкені – бірыңғай «облыстық» коэффициент ретінде қолданылатын болады.

Бұрын жүргізілген шаралар компанияның өндірістік персоналы жұмысшыларының жалақысы деңгейін өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 41%-ға көтеруге мүмкіндік берді. Негізгі өндірістік персонал жұмысшыларының жалақысын бұлай айтарлықтай көтеру 2013 жылдан бері болмаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға