Жаңалықтар

ТЖ жариялануы мүмкін бе? Павлодар облысында қарақұрт көбейді

ТЖ жариялануы мүмкін бе? Павлодар облысында қарақұрт көбейді
Фото: pixabay.com 06.08.2024 14:34 518

Павлодар облысында қарақұрттардың табылуына байланысты төтенше жағдай жариялануы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылғы 5 тамызда Баянауыл ұлттық табиғи паркінде қарақұрттардың пайда болуы туралы ақпараты бойынша Баянауыл ауданының әкімі Павлодар облысының табиғи паркі және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, қарақұрттардың мекендейтін жерлерін зерттеу үшін Торайғыр ауылына баруды жүзеге асырды. Зерттеу барысында, Торайғыр көлінің бойындағы шөптер мен өсімдіктердің арасынан қарақұрт өрмекшілері, жұмыртқалары, қабықтары табылды.

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысын өткізуге бастамашылық жасайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға