El.kz/Арман МҰХАТОВ

Тыл еңбеккерлеріне төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері ұлғайды

08.05.2025 16:31

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафиннің айтуынша, ардагерлерге әлеуметтік қолдау шаралары орталық және жергілікті деңгейде жүзеге асырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдердің мөлшері жыл сайын артып келеді. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап төлем мөлшері базалық зейнетақы бойынша 6,5%-ға және ынтымақты зейнетақы бойынша 8,5%-ға өсті. Басқа әлеуметтік төлемдерге қарамастан азаматтардың 19 санатына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемі жүзеге асырылады, оның негізгі алушылары – егде жастағы азаматтар.

Нәтижесінде 2025 жылғы 1 мамырға Ұлы Отан соғысының ардагерлері алатын әлеуметтік төлемдердің жиынтық мөлшері 271 мың теңгені, Ұлы Отан соғысы уақытындағы тыл еңбеккерлерінің жиынтық мөлшері 179 мың теңгені құрады, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Биылғы 8 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 105 ардагері және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқан басқа санаттағы 40 707 азамат тұрады.