Жаңалықтар

Туыстар мен достарға жіберілетін аударымдар тексеріле ме?

Туыстар мен достарға жіберілетін аударымдар тексеріле ме?
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 09.01.2024 16:23 1236

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында қаржы вице-министрі туысқандар мен дос-жарандар арасында болатын мобильді аударымға қатысты мәселеге жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министр Ержан Біржанов айтуынша, туысқандардың арасында бір-бірімен ақша аудару сомасында қандайда бір шектеу жоқ. Бұл кәсіпкерлік ретінде қаралмайды.

Тек қана үш ай бойы 100 адамнан әртүрлі төлем алынса, сол критерийлер бойынша қарастыра аламыз. Сол себепті, мұндай тексерулер болмайды, – деді Ержан Біржанов.

Сондай-ақ қаржы вице-министрі тұтынушы ретінде қалтаға қағаз ақша салып жүруге  қатысты пікір білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға