Жаңалықтар

Түйеден құлаған әйел 45 миллион теңге өндіріп алды

Түйеден құлаған әйел 45 миллион теңге өндіріп алды
Фото: ©pixabay.com 19.03.2024 14:26 2749

Мароккода түйеден құлап, қабырғаларын сындырған аустралиялық туриске емі үшін 100 мың доллар (45 150 040 млн теңге шамасында) өтемақы төленді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

63 жастағы аустралиялық Кэрол Хакер жиені Оливиямен бірге бүкіл әлем бойынша саяхатқа шыққан көрінеді. Бірақ оқыс оқиға Сахара шөлінде болды. Оңбай құлаған әйелдің 6 қабырғасы, бұғанасы, сол білегі сынған. Сонымен қоса оның өкпесі тесіліп қалған. Хакер сол күні өміріндегі ең ауыр азапты бастан өткергенін жасырмады.

Саяхатшы Марокко ауруханасында 11 күн жатып емделді. Содан кейін аурухана медициналық қызмет көрсеткені үшін үлкен есепшот шыққанын көрсетті. Бірнеше күннен соң турист операция жасату үшін Аустралияға оралды.

Аустралиялық турист саяхатқа шығар алдында 812 долларға сақтандыру полисін сатып алған екен. Компания зардап шеккен әйелдің барлық шығынын өтеп берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға