Жаңалықтар

Тұтынушылар жылуды қалай үнемдей алады?

Тұтынушылар жылуды қалай үнемдей алады?
Фото: © Pixabay.com 31.10.2023 20:00 919

Жылыту кезеңінің басталуымен ҚР ҰЭМ ТМРК жыл сайын ел тұрғындарына жылуды қалай үнемдеу керектігі туралы нұсқау береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ағымдағы жылыту кезеңінде де жылдағыдай, ақшалай қаражатты үнемдеу мақсатында, тұтынушыларға үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнату қажет екенін еске саламыз.

Осылайша, жылу энергиясын есепке алудың бірдей үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабы болған кезде, жылу үшін төлем мөлшері ай сайынғы көрсеткіш пен бекітілген тариф негізінде айқындалады.

Үйге ортақ есепке алу аспабы болмаған кезде, жылу үшін төлемақы мөлшері жергілікті атқарушы орган бекітетін есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтеріне  тұтыну нормасын және тарифтік реттеуші бекіткен тарифті негізге ала отырып, есептік жолмен айқындалады. Бұл ретте, мұнда жылуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға арналған тариф қолданылады, ол есепке алу аспаптары бар тұтынушыларға қарағанда жоғары.

Бүгінгі күні астанада және республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарымен жабдықталу 27,3%-дан 100%-ға дейін (мысалы, Астана қаласында («Астана-Теплотранзит» АҚ) - 99,5%, Алматы қаласында («Алматы жылу желілері» ЖШС) - 98%).

2023 жылы «Астана Теплотранзит» АҚ-ның деректері бойынша Астана қаласындағы тұрғын үйлерде орнатылған 970 үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабына тексеру жүргізу талап етілді, алайда 99 жылу энергиясын есепке алу аспабы тексеруден өтпеді және тиісінше тексеру мерзімі аяқталды.

«Алматы жылу желілері» ЖШС-ның деректері бойынша Алматыда 293 үйге ортақ  жылу энергиясын есепке алу аспабына тексеру жүргізу талап етілді, алайда 65 жылу энергиясын есепке алу аспабы тексеруден өтпеді және тиісінше тексеру мерзімі аяқталды.

Осыған байланысты, есепке алу аспаптарын тексеру мерзімі өткен тұрғын үйлерде төлем табиғи монополиялар туралы заңнаманың нормаларына сәйкес бекітілген тұтыну нормасы бойынша (жергілікті атқарушы органдар бекітеді) жүргізілді, бұл үйге ортақ есепке алу аспаптарының ай сайынғы көрсеткіштері негізге алына отырып жүргізілген төлеммен салыстырғанда жоғары.

Сондай-ақ, 2024 жылы Астана қаласының тұрғын үйлерінде орнатылған тағы 971 жылуды есепке алу аспаптарына және Алматы қаласындағы 1217 жылуды есепке алу  аспаптарына тексеру жүргізу қажет.

2023 жылы жылу энергиясын есепке алу аспаптарын тексеру мерзімдері өткен тұрғын үйлердің тізімі және 2024 жылы жылу энергиясын есепке алу аспаптарын тексеруді жүргізу қажет тұрғын үйлердің тізімімен төменде көрсетілген сілтемелер арқылы танысуға болады:

Астана қ.www.a-tranzit.kz;

Алматы қ.:  https://alts.kz/date-of-calibration-of-metering-devices/;

Шымкент қ.www.kzho.kz;

Алматы облысы: https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/documents/details/541993?lang=ru;

Ақмола облысы: https://kzinfo.kz/content/informaciya-po-obschedomovym-priboram-ucheta-teplovoy-energii;

Ақтөбе облысы: https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/documents/details/270866?lang=ru https://aqtobesuenergy.kz/informacziya-po-priboram-uchyota/;

Атырау облысы: https://www.ahps.kz/news/8522.html;

- Шығыс Қазақстан облысы: https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/documents/details/538729?lang=ru;

- Батыс Қазақстан облысы: https://jte.kz/press-centr/planovye-raboty.html;

Жамбыл облысы: https://taraztransenergo.kz/pu;

Қарағанды облысы:

https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/documents/details/539831?lang=kk;

https://okjetpest.kz/%d0%bf%d0%be%d0%bb%d0%b5%d0%b7%d0%bd%d0%b0%d1%8f-%d0%b8%d0%bd%d1%84%d0%be%d1%80%d0%bc%d0%b0%d1%86%d0%b8%d1%8f/;

http://teplotranzit.kz/ru/dlya-potrebitelya/162-informatsiya-po-domam-imeyushchie-obshchedomovye-pribory-ucheta-teplovoj-energij-odpu-kotorye-planiruyut-provedenie-poverki-v-2024-godu;

https://abayteplo.kz/ru/portfolio-2/2-column;

Қостанай облысы: https://lgke.kz;

https://rudteploset.kz/ru/%d0%bf%d1%80%d0%b8%d0%b1%d0%be%d1%80%d1%8b%d1%83%d1%87%d0%b5%d1%82%d0%b0/;

Қызылорда облысы:

https://www.ktez.kz/%d0%bd%d0%be%d0%b2%d0%be%d1%81%d1%82%d0%b8_%d1%80%d1%83.html;

Манғыстау облысы: https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/documents/details/539507?lang=ru;

Павлодар облысы: https://pavlodarenergo.kz;

Солтүстік Қазақстан облысы:

https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/documents/details/541175?lang=ru;

https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/documents/details/541150?lang=ru;

- Түркістан облысы: www.gov.kz/memleket/entities/krem/activities/directions?lang=ru;

- Абай облысы: https://semeytke.kz/uchetepla.pdf;

- Жетісу облысы: https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/documents/details/538840?lang=ru;

- Ұлытау облысы: https://zhezaoptvs.kz/info/pribor-uchetahttps://www.sptvs.kz/novosti;

Ескерту: қазіргі уақытта Түркістан облысының ТМС-тің ЖЕАҚ бойынша ақпараты ТМРК сайтында орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Енді қалай үнемдеуге болады деген сұрақ туындайды?

1.Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабын орнату.

Тұтынушы үшін үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабының болуы тиімді, себебі жылумен жабдықтау қызметтерін үнемдеуге мүмкіндік береді.

2. Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабына уақытылы тексеру жүргізу.

Тұтынушылар ПИК немесе МИБ бірлесіп, есепке алу аспаптарын тексеруді уақтылы жүргізуі қажет, себебі тексеру мерзімі өткен жағдайда жылу үшін төлем бекітілген тұтыну нормасы бойынша жүргізіледі, бұл үйге ортақ  есепке алу аспаптарын ай сайынғы көрсеткіштері негізінде жүргізілген төлеммен салыстырғанда жоғары.

3. Жылу энергиясын тұтынуды реттеу.

Тұтынушылар тұрғын үйлердегі терезелерді ашқан кезде жылудың ауаға «ұшып кетуіне» жол бермеуі керек.

Жылу энергиясын тұтынуды үнемдеу мақсатында ТМРК тұрғын үйдің жауапты тұлғасына жылу энергиясын тұтынуды сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты және температура кестесіне сәйкес реттеуді ұсынады, атап айтқанда температура көтерілген (+) жағдайда жылу энергиясын тұтынуды азайту, ал төмендеген (-) жағдайда жылу энергиясын тұтынуды арттыруға ұсынады.

Аталған шаралар жылыту кезінде сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты тұрғын үйдің тым жылытуына жол бермеуге және жылумен жабдықтау қызметтеріне ақы төлеуге тұтынушылардың қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда баяндалғандардың барлығын ескере отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін  монополист-субъектілерді, сондай-ақ қызмет көрсетуші ұйымдарды (ПИК, МИБ, БК және т.б.) халықпен жылу энергиясын ұтымды пайдалану, жылу үшін ақы  төлеуді есептеу бойынша және есепке алу аспаптарының болуының ұсынылатын қызметтер құнына әсері туралы белсенді диалог жүргізуге шақырамыз.

https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/press/news/details/644977?lang=kk 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға