5 Желтоқсан 2025, 15:51

Тұтынушы ретінде құқығыңызды білесіз бе?

«Заң және тәртіп» - қоғамдағы өзекті құқықтық мәселелерді талқылайтын подкаст. Бүгінгі шығарылымда біз тұтынушы құқығы тақырыбын көтердік. Қазіргі нарықтық қатынастар мен электрондық сауданың дамуы тұтынушыларға жаңа мүмкіндіктер бергенімен, сонымен бірге олардың құқықтарын қорғау мәселелерін де өзекті етті. Бағдарлама қонағы – заңгер Бағдат Амандосұлы, ол тұтынушы құқықтарын қорғау заңнамасын, алаяқтық, сапасыз тауар немесе қызмет көрсету, жарнамалық жалған ақпаратқа қатысты нормаларды түсіндірді. Сонымен қатар, заңгер тұтынушылардың өз құқықтарын қалай қорғауға болатынын, шағым беру тәртібі, сотқа жүгіну жолдары және электрондық саудадағы қауіпсіздік шаралары туралы практикалық кеңестер берді. Шығарылымда тұтынушы құқықтарын қорғаудағы құқықтық механизмдер, кәсіпкерлердің міндеттері және тұтынушы мен сатушы арасындағы келісімдердің маңызы жан-жақты талқыланды. Тұтынушы ретінде сіздің құқықтарыңыз бен жауапкершілігіңізді білу маңызды. Толығырақ білу үшін шығарылымды көріп, тәжірибе мен ойыңызды бөлісіңіз.