Жаңалықтар

«Түсіністікпен қарау керек». Министр Бибігүл Төлегеноваға қатысты жағдайға пікір білдірді

«Түсіністікпен қарау керек». Министр Бибігүл Төлегеноваға қатысты жағдайға пікір білдірді
Фото: коллаж El.kz 05.09.2024 13:20 423

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Сенат кулуарында арбаға таңылған халық әртісі Бибігүл Төлегенованы бортқа кіргізбей қойған Air Astana компаниясына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сауда және интеграция министрі бұл істе әріптесі Аида Балаеваның сөзіне толықтай қосылатынын айтты.

Ол кісінің айтқаны өте дұрыс. Әрине, ереже бар екені белгілі, бірақ мәселенің этикалық жағына да қараған жөн. Ол кісіге ұшаққа жету қиын болды. Менің ойымша, осы жағдайда әуежай қызметкерлері түсінікпен қарап, қолдау көрсетуіне болар еді. Атап айтқанда,  жүріп-тұруы қиын кез келген басқа да адамдарға қамқорлықпен қарағаны дұрыс, - деді Арман Шаққалиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін  Air Astana әуе компаниясы Астанадан Алматыға ұшпақ болған Халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға дөрекілік көрсеткені жайлы жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға