©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

«Тұшпара сатып алған» . СҚО-да бір отбасы астан уланып, екі бала көз жұмды

14.06.2024 16:33

Солтүстік Қазақстан облысында бір отбасы астан уланып, екі бала көз жұмды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Оқиға 13 маусым күні Қызылжар ауданы Надежка елді мекенінде болған. 

Қазіргі уақытта отбасының уланып, 3 және 6 жастағы екі баланың қайтыс болуына және тағы үш адамның ауруханаға түсуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері. 

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы дерек бойынша тексеріс басталды, тамақтың сынамасы алынып, зертханаға жіберілді.