Видеодан кадр

Тұрсынбек Қабатов денсаулығына байланысты шұғыл шешім қабылдады

28.10.2025 20:06

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Өскемен қаласында өтуі тиіс концертін денсаулығына байланысты кейінге қалдырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Өнер иесі бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазба қалдырып, концерттің өтпей қалғанына өкініш білдіріп, көрермендеріне түсіністік танытқандары үшін алғыс айтты.

Бүгін Өскемен қаласындағы көрермендеріне түсіністік танытқандарыңыз үшін мың алғыс! Денсаулығыма байланысты аяқасты концерт болмай қалды. Мен сіздерді 28.11.25 күтемін. Мың алғыс! Аман болайық, – деп жазды Тұрсынбек Қабатов.