Жаңалықтар

Тұрмыстық жанжал: жазаға тартылғандар саны төрт есе артқан

Тұрмыстық жанжал: жазаға тартылғандар саны төрт есе артқан
Фото: t.me/KZgovernment 17.10.2023 11:42 996

Соңғы 3 айда тұрмыстық жанжалдан жазаға тартылғандардың саны 4 есе өскен. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, олардың саны 6,4 мыңнан 27 мыңға дейін өскен.

Биылғы жылдың екінші тоқсанында осындай 7 мың адам жауапкершілікке тартылса, үшінші тоқсанда олардың саны 27 мың адамды құрады. Тиісінше қамауға алынғандар саны 2 есе өсті (2 тоқсан – 3 144, 3 тоқсан – 6 051), - деді Лепеха.

Вице-министр қоғамда отбасындағы зорлық-зомбылыққа төзбеушілік және оларды жасағаны үшін жазаның бұлтартпаушылық процесі қалыптасып келе жатқанын айтты.

Мәселен, егер жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тұрмыстық қылмыстардың өсуі байқалса (+1,5%, 453-тен 460-қа дейін), онда қабылданған шаралардың нәтижесінде биылғы 9 ай бойынша олардың төмендеу үрдісі байқалды (-2,5%-ға, 668-ден 651-ге дейін), - ол.

Игорь Лепеханың сөзінше, кісі өлтіру (-4%; 76-дан 73-ке дейін) және денсаулыққа ауыр зиян келтіру (-10%; 264-тен 239-ға дейін) саны азайған.

Сонымен қатар министрлік тұрмыстық жанжалдың алдын алу жұмыстарын жандандырды. Тұрмыстық жанжалқойларға қатысты 51 мың әкімшілік хаттама жасақталды. Сот шешімі бойынша 13 мыңнан астам адам қамауға алынды (13 542), 11 мың ерекше талап белгіленді (11 719). Мұндай істер бойынша медиация тәртібімен отбасылардың 43%-ы (21 872) сотта татуласты, - деді ішкі істер вице-министрі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға