Жаңалықтар

Тұрмыстық жанжал үшін әйелдер де жауапкершілікке тартылуы керек - депутат

Тұрмыстық жанжал үшін әйелдер де жауапкершілікке тартылуы керек - депутат
Фото: El.kz 26.09.2023 19:47 1099

Депутат Амантай Жарқынбек мұны отбасындағы жанжалға әйел мен еркек бірдей жауаптылығымен түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кішкентай ұрыс үшін айрандай ұйып отырған отбасының берекесі кетпеуі қажет екенін айтады.

Ал гендерлік саясатымыз қайда? Дұрыс емес. Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Әр ыдыс-аяқ сынған сайын күйеуін апарып қамап тастайтын болсақ, көпшілігі қайтадан отбасы бола алмай, қосылмай кетеді, - дейді ол.

Депутаттың сөзінше, өзін қаматқан әйелге қазақ жігіттері қайтып бармайды.

Біздің заңда арандатушы деген ұғым бар. Провакация деген ұғым заңда бар. Осы тұрғыда әйел адамда да мойнына жауапкершілік қойылуы керек. Ер азаматты 15 күнге оқшаулап жабу керек пе,  кінәлі деп табылса, сонымен бірге әйелін де жеке жабу керек деп ойлаймын. Өйткені отбасына түскен жауапкершілікті теңдей бөлсе, отбасын шайтқалтқан да жауапкершілік те бірдей болуы керек. Сонда біз көп мәселені тізгіндей аламыз, - дейді ол.

Ол сондай-ақ ата-анамен бірге тұру біраз шаңырақты ортасына түсіріп жатқанына сенімді.

Депутат Салтанат Тұрсынбекова келіспейтінін айтты.

Тұрмыстық жанжал үшін әйелдер де жауапкершілікке тартылуы керек - депутат

Бұл жерде әңгіме ер азаматтардың басын кесіп алып, соттап жіберу керек деген сөз емес. Кеше ғана төрт жасар баласын ұрып өлтірген өгей әкенің қылмысын естідік. Өзім де ұл асырап отырмын. Бүгін-ертең үйленеді. Оның да адам болып өмір сүргенін, ешқашан ажырасқанын қаламаймын. Біз менталитетті де, заңды да білеміз. Заңның егжей-тегжейіне жетіп, ішкілікке салынғанын емдеу керек. Жұмыс тауып беру керек. Өкінішке қарай, талқы дұрыс болмай, әкелген заң жобамыз талан-тараж болып кетеді. Осы жерде жай уақытты кетіріп отырған жоқпыз. Ер адамдардың құлағына алтын сырға. Ертең қарындасыңызды бір нашақор қорлап кетсе қайтесіз. Руханиятқа, тәрбиеге көңіл бөлуіміз керек, - дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға