«Түрмеден шыққанда 68 жаста болады». Айтбек Амангелді үкім туралы ойын айтты
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
13.05.2024 17:49
Фото:
ҚР Жоғарғы сот
Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевқа тағайындалған жаза туралы пікірін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл біз шамамен күткен және болжаған мерзім болды. Ол түрмеден шыққан кезде 68 жаста болады. Бұл өмір бойына сотталғанмен бірдей. Түрмедегі жағдайды ескерсек, оның бұл жасқа дейін өмір сүретіні екіталай, - дейді Айтбек Амангелді.

