Жаңалықтар

Түркияның Қазақстандағы елшісі құтқарушыларға алғыс білдірді

Түркияның Қазақстандағы елшісі құтқарушыларға алғыс білдірді
Фото: El.kz 23.02.2023 15:44 1113

Түркияның Қазақстандағы елшісі Түркиядан оралған қазақстандық құтқарушыларды күтіп алғанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Бүгінде Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 43 мың адамнан асты. 6 ақпан күні Түркияның Кахраманмараш, Газиантеп және өзгеде апат болған аймақтарда барлығы 14 740 жергілікті құтқару мамандары жұмыс істеді. 13 мыңнан астам техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, әлемнің 90-нан астам елінен қосымша құтқару қызметі мамандары келді. Қазақстан қаржылай 1 млн доллар көлемінде көмек қорын жіберді»,- деді Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи.


Сонымен қатар, апат болған қалалардан 3099 адам көшіп кеткен және 3362 адам мен 1519 автокөлік апат болған аймақтан көрші аудандарға жеткізілген. 698 мың адамға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетілген.


«Апат орын алған аймақтарда бүгінде жергілікті және халықаралық ұйымдардың қолдауымен 301 289 шатыр мен 6375 контейнер орнатылды. Зардап шеккен 10 провинцияға 3 млн-нан астам көрпе-төсек жөнелтілді. Сондай-ақ Қазақстаннан жеткізілген 86 киіз үй бүгінде толығымен орнатылды», - деді Уфук Экиджи.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға