Түркиядан Қазақстанға ұшпақ болған лаңкес ұсталды
19.10.2022 06:39
Фото:
onhavadis.com
Ыстанбұл әуежайында арнайы жедел алдын алу шарасы кезінде Қазақстанға ұшпақ болған лаңкес ұсталды, деп хабарлайды EL.KZ.
Хабар-24 арнасының мәліметіне қарағанда, бұл жөнінде Түркияның баспасөздері жарыса жазып жатыр.
Хурриэт газетінің мәліметінше, қолға түскен күдікті Күрдстанның жұмысшы партиясының террорисі. Құпия аты "Кендал Нуман Амед". Ол Ирак-Иран шекарасында жасақ басқарып, Сирияға қару-жарақ жеткізумен айналысқан көрінеді. Әзірше толық ақпар жарияланбаған.
Жергілікті газет лаңкес Ыстанбұлға Тегеран әуежайынан келіп, әрі қарай Серхат Озел деген жалған атпен Қазақстанға бет алғандығы туралы жазады. Қазір террорист сот шешімімен қамауға алынған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

