Жаңалықтар

Түркиядан арнайы шақырылған аспаз оқыту семинарын өткізіп жатыр

Түркиядан арнайы шақырылған аспаз оқыту семинарын өткізіп жатыр
Фото: ©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ 29.11.2023 17:10 1790

Түркиядан арнайы шақырылған аспаз Хакан Доганның Астанада түрік наны мен нан өнімдерін пісіру бойынша кəсіпқойларға арналған оқыту семинары басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш семинар бүгін басталды. Түркияға танымал аспаз үш күн қатарынан нан өнімдерін қалай пісіру қажеттігін үйретіп жатыр. Бүгінде Хакан Доган отбасылық кəсіп болып табылатын нан пісіру саласында бірнеше кəсіпорындарды басқарып отыр. Ол көптеген оқу орындарында, балабақшаларда, кəсіптік лицейлерде жəне университеттерде нан туралы семинарлар беруді жалғастырып келеді. 2014 жылдан бері Италия, Латвия, Кипр, Ресей, Польша, Франция, Германия жəне Бельгия сияқты елдерде ашытқы туралы зерттеулер жүргізіп келе жатқан зерттеушілер тобына кіреді. Оның нан, шоколад жəне торт туралы мақалалары, сұхбаттары мен бағалаулары республикалық журналдарда жарияланған. Сонымен қатар ол республикалық журналдарда кеңесші болып жұмыс істейді.

Түркиядан арнайы шақырылған аспаз оқыту семинарын өткізіп жатыр
©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙЫЗЫ

Аспаз нан-тоқаш өнімдерін кезең-кезеңімен жасау бойынша 2017 жылы2017 жылы Alfa Publications басып шығарған кітабымен ол əлемдегі ең беделді аспаздық кітаптар байқауы «Gourmand Cookbooks Awards» нан жəне кондитер категориялары бойынша ұлттық кезеңнен 2018 жылы «Gourmand winner» жүлдесіне лайық деп танылды.

Семинар барасында аспазшылар Хаканның дайындаған нанынан дәм татып, қалай ашыту керекгін және ішіне қандай дәмдеуіштер қосу қажеттігін үйренді. Аспаз Кипр булласы деп аталатын нан өнімінің пісіру жолын көрсетті.

Түркиядан арнайы шақырылған аспаз оқыту семинарын өткізіп жатыр
©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙЫЗЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға