Жаңалықтар

Түркиядағы зілзала құрбандарының саны 35 мыңнан асты

Табиғи апаттан 13 мыңнан астам жаралы ем қабылдауда
Түркиядағы зілзала құрбандарының саны 35 мыңнан асты
Фото: Anadolu Agency 15.02.2023 03:35 1025

Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 35,4 мыңнан асты, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің оңтүстігіндегі жойқын жер сілкінісінен 35 418 адам қайтыс болған. Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоған республикасының министрлер кабинетінің отырысы қорытындысында бейнеүндеу арқылы мәлімдеді.

Жиналыс Анкарадағы түрік ТЖ салдарын жою басқармасының (AFAD) штаб-пәтерінде өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі таңда зілзаладан жараланған 13 208 адам ауруханаларда емделіп жатыр. Апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстарына 250 мың мемлекеттік қызметкер жұмылдырылған. Президент жер сілкінген аудандардағы іздеу-құтқару жұмыстары үйінді астындағы тірі адамдарды құтқарғанша жалғасатынын айтты.

Сондай-ақ мемлекет басшысы келесі айдан бастап Түркия билігі жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін 30 мың үйдің құрылысына кірісетінін жеткізді. Қазіргі сәтте апаттан зардап шеккен 1,6 млн адамның баспанаға мұқтаждығы қанағаттандырылған.

Жер сілкінісі аймағында 175 мыңнан астам шатыр, контейнерлік типтегі 5,4 мың үй орнатылды, - деді Ердоған.

Зілзала болған аймақта 28 мың түрік әскерилері кезекшілік атқаруда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға