Жаңалықтар

Түркиядағы жол апатынан зардап шеккендер арасында 4 атыраулық бар

Түркиядағы жол апатынан зардап шеккендер арасында 4 атыраулық бар
Фото: telegram 01.08.2023 15:23 1735

Түркиядағы жол апатынан зардап шеккендер арасында 4 атыраулық бар. Олар ауруханада жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Анталияда жол апатынан ауруханаға түскен атыраулықтардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Telgram-каналында жазды.  

Оқи отырыңыз:

Жараланғандардың ішінде төртеуі атыраулық. Үшеуі Алания мемлекеттік ауруханасында, ал бір науқас Сиде Анатолия ауруханасында ем алуда. Бір науқас жансақтау бөлімінде, ал үш науқастың жағдайы орташа ауырлықта, дәрігерлердің бақылауында. Қазіргі таңда облыстық әкімдік пен денсаулық сақтау басқармасы аталған аурухана дәрігерлерімен тығыз байланыста, - деп жазды Ж.Бисембиев.

Еске сала кетейік, Шілденің 30-ы күні Түркияның Алания ауданының  Анталия провинциясында Қазақстан туристері мінген автобусқа жүк көлігі қатты жылдамдықпен соғып, жол апаты болды. Салдарынан көлік жүргізуші мен гид (Украина азматы) оқиға орнында көз жұмды, 12 адам жараланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға