Жаңалықтар

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 40 мыңнан асты

Апат аймағындағы іздеу-құтқару операциялары жексенбіде аяқталады
Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 40 мыңнан асты
Фото: Anadolu Agency 19.02.2023 02:35 2764

Кахраманмараш провинциясындағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 40 642 адамға жетті, деп хабарлайды El.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің (AFAD) басшысы Юнус Сезер мәлім етті.

Айтуынша, зілзала орын алған аймақтағы іздеу-құтқару жұмыстары жексенбі, 19 ақпанда аяқталады.

Қазіргі сәтте іздеу-құтқару операцияларына 13 мыңдай адам қатысуда. Шет мемлекеттерден көмекке келгендерге шын жүректен алғыс білдіргіміз келеді. 80 елдің құтқарушыларының басым бөлігі Отандарына кетті, - деді AFAD басшысы.

Сондай-ақ жерасты дүмпулерінен зардап шеккен провинциялардың тұрғын үй қорының 50 пайыздан астамына жүргізілген мониторинг аяқталды.

Сонымен қатар зілзала аймағынан 430 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген.

6 ақпанда Түркияда магнитудасы 7,7 және 7,6-ны құраған екі жойқын жер сілкінісі болғаны белгілі. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында үйлер мен ғимараттар жаппай қирады.

Жер сілкінісінің дүмпуі көрші елдер: Сирия, Ливан, грекиялық  Кипр мен Иракта сезілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға