Түркиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар 2,3 мыңнан асты
Кем дегенде 13,2 мың адам жарақат алған
Фото: trt.net
Фото: trt.net
07.02.2023 05:37
2282
Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2,3 мыңнан асты, деп хабарлайды El.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Ақпаратты жергілікті телеарнаға Түркия үкіметінің Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің (AFAD) өкілі Орхан Татар мәлім еткен.
Еске сала кетейік, бүгін Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында зілзала орын алғаны белгілі. Мыңнан астам адам қаза болып, кемінде 7 мың адам жарақат алған.
Қазақстаннан Түркияға республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, медициналық қызметкерлер мен құтқарушы иттер көмекке жіберілді.
Түркияда жер сілкінісіне байланысты жеті күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланды.

Келесі жаңалық
Трамп TikTok-қа АҚШ-та жұмыс істеуге тағы 75 күн уақыт берді