Жаңалықтар

Түркиядағы жер сілкінісінде бір-бірінен көз жазып қалған ана мен бала қауышты

Түркиядағы жер сілкінісінде бір-бірінен көз жазып қалған ана мен бала қауышты
Фото: бейнежазбадан алынған кадр 05.04.2023 09:43 2108

Олардың көріспегеніне екі айдай уақыт өткен, - деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

 ДНК тесті арқылы сәбидің анасы Ясемин Бегдас екені анықталды.

3,5 айлық қыз Президент ұшағымен Анкарадан Аданаға жеткізілген. Өйткені анасы осы жердегі ауруханада ем алып жатыр.

Сәби Хатай провинциядағы 6 ақпанда болған жер сілкінісінен кейін 5 күн өткен соң аман-есен табылған. Оның денсаулығы жақсы. Ал оның әкесі мен екі ағасы жер сілкінісі кезінде опат болған.

Еске салайық, ғасыр қасіреті атанған алапат жер сілкінісінен Түркияда 50 мыңдай адам опат болған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға