Жаңалықтар

Түркиядағы соңғы зілзаладан 3 адам қаза тапты

Сондай-ақ екі жүзден астам адам зардап шеккен
Түркиядағы соңғы зілзаладан 3 адам қаза тапты
Фото: Anadolu Agency 21.02.2023 07:08 1239

Түркияның Хатай провинциясында орын алған соңғы жер сілкінісінде 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің ішкі істер министрі Сүлейман Солу 213 адамның зардап шеккенін айтты.

Түркия вице-президенті Фуат Октай Дефне ауданында болған 6,4 балдық жер сілкінісінен соң 20 тербеліс тіркелгенін мәлім етті.

AFAD агенттігі Хатай провинциясында бүгін болған зілзаладан соң хабарланған теңіз деңгейінің көтерілуі туралы ескертудің күші жойылды деп отыр.

Бұған дейін дүйсенбі күні  Хатай провинциясының Дефне ауданында магнитудасы 6,4 болатын жер сілкінісі тіркелгенін жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға