Anadolu Agency

Түркияда зілзаладан құлаған ғимараттарға қатысы бар 247 адам қамалды

05.03.2023 23:33

Түркияда жер сілкінісінен құлаған ғимараттарға қатысы бар 247 адам қамалды, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Апат аймағында орналасқан провинция прокуратурасының шешімімен 6 ақпаннан бері қираған ғимараттардың құрылысына қатысы бар 997 адам тұтқынға алынған.

Салдарынан 247-сі қамауға алынып, 322 күдіктіге сот бақылауы тағайындалды.

Одан басқа, 198 күдіктіге қамауға және 102 адамды ұстауға ордер берілген.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияда магнитудасы 7 балдан асатын екі жойқын жер сілкінісі орын алған болатын.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 45 мыңнан асты.