Түркияның Шанлыурфа провинциясында жолаушылар автобусы аударылды. İHA агенттігінің мәліметінше, оқиға бүгін таңертең Шанлыурфа – Газиантеп тасжолының Суруч ауданына жақын маңда болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Автобус жүргізушісі (жеке басы әзірге анықталған жоқ) көлікті басқара алмай, автобус жол жиегіне шығып аударылған.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен жандармерияның көптеген жасағы жетті. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар жедел жәрдем көліктерімен Шанлыурфа мен Низип қалаларындағы ауруханаларға жеткізілді.
Апат салдарынан 27 адам жарақат алды, олардың үшеуінің жағдайы ауыр екені хабарланды. Автобуста, жүргізушіні қосқанда, 43 жолаушы болған және ол Ван қаласынан Хатайға бара жатқан.
Қазір оқиға бойынша тергеу басталды.

