Жаңалықтар

Түркияда жол апатынан 11 адам қайтыс болды

Түркияда жол апатынан 11 адам қайтыс болды
Фото: trthaber.com 28.12.2023 17:24 1478

Түркияның солтүстік-батысындағы ірі жол апатынан 11 адам қайтыс болып, тағы 50 шақты адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

TRT Haber мәліметінше, жол апаты Сакарья ауданындағы Солтүстік Мармара тасжолында болған.

Жеті көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан 11 адам қаза тауып, 59 адам жарақат алды. Апатқа қалың тұман себеп болған, - делінген мәліметте.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Қайтыс болғандар мен жарақат алғандар арасында туристер жоқ деген ақпарат бар.

Ал Түркияның әділет министрі Йылмаз Тундж X әлеуметтік желісінде Скарья прокуратурасы істі тергеуді бастағанын мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға