Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің тікұшағы елдің оңтүстігіндегі Мугла провинциясындағы аурухана ғимаратына соғылды. Салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
TRT Haber телеарнасының мәліметінше, тікұшақ аурухананың жоғары қабатына соғылып, содан кейін аулаға құлаған. Апат салдарынан төрт адам қаза тапты: ұшқыш және үш медицина қызметкері. Бұл ақпаратты Мугла провинциясының губернаторы растады.
Қайғылы оқиға таңертең тікұшақтың биікке көтерілуі кезінде болды, ол аурухананың төртінші қабатына соғылды. Ондағылардың барлығы қаза тапты, - деді губернатор Haberturk эфирінде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

